БК «КазЭлектроПривод» ЖШС (КЭП) машина жасау кәсіпорны 2013 жылы құрылды және «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ үшін 10,000 бағыттамалық электр жетегін жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойды. Қазіргі таңда КЭП активтерін Alstom компаниясы мен «SOP Trade» ЖШС теңдей басқарады. 2,870 шаршы метрді алып жатқан кәсіпорында ҚТЖ үшін Р80 бағыттамалық электр жетектерін жеткізуді қамтамасыз ете отырып, 60-ден адам еңбек етеді. Қазірдің өзінде 3,570 бағыттамалық электр жетегі коммерциялық пайдалануға берілген, олар өзінің сенімділігі мен қазақстандық темір жолдардың инфрақұрылымына толық сәйкес келетінін дәлелдеді.

Басшылық

Бас директор
Ғани ҚАРМСАҚ

Бас директор
БК КЭП

Ғани Нурашұлы Қармсақ 2021 жылғы наурыздан бері «КазЭлектроПривод» бірлескен кәсіпорнының Бас директоры болып жұмыс істейді. 2017 жылдың мамырынан 2021 жылдың наурызына дейін ол «КазЭлектроПривод» бірлескен кәсіпорнының қаржы директоры қызметін атқарды.

Физика-математикалық білім алғаннан кейін еңбек жолын орта мектепте математика мұғалімі ретінде бастады.
Қаржы-экономикалық білім алғаннан кейін Қазақстан Республикасының банктерінде корпоративтік кредиттеу, тәуекелдер, әдіснама бағыттары бойынша жұмыс істей бастады. Банк құрылымдарында соңғы атқарған қызметі – елдегі ең ірі банктердің бірінің облыстық филиалының директоры.

Қаржы директоры
Дмитрий БЕВЗИК

Қаржы директоры
БК КЭП

Дмитрий Бевзик 2021 жылдың сәуірінен бастап «КазЭлектроПривод» БК-да қаржы директоры болып жұмыс істейді. КЭП тағайындалғанға дейін ол әртүрлі профильдегі ірі компанияларда қаржы маманы болып жұмыс істеді.

Қазақстан Ұлттық Техникалық Университетін «Инженер, Мұнай бұрғылау» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін ол «Есеп және қаржы» бойынша МВА дәрежесін алды. Дмитрийдің қаржы, бухгалтерлік есеп, тау-кен ісі, мұнай-газ логистикасы және ақпараттық технологиялар саласында Қазақстанда да, шетелде де үлкен тәжірибесі бар.

 

Жедел басқару жөніндегі директор
Сергей Кельбах
Сергей КЕЛЬБАХ

Жедел басқару жөніндегі
директор
БК КЭП

Сергей Владимирович Кельбах 2018 жылғы қыркүйектен бері «КазЭлектроПривод» бірлескен кәсіпорнының Жедел басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының ірі өндірістік кәсіпорындарында басшы лауазымда
25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Инженерлік және экономикалық білімі бола тұра және терең білім иесі бола отырып, Сергей машина жасау саласында әрі өндірістік, әрі басқарушылық салада өз ісінің кәсіпқой маманы болып табылады.

Тарих

2013


«Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық-инновациялық комитетінің шешімімен мақұлданған және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инвестициялық комитетінің 2013 жылғы 07 маусымдағы шешімімен стратегиялық жоба деп танылған, «Алматы қаласында ALSTOM компаниясы әзірлеген бағыттамалық электр жетектерінің өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде Alstom компаниясы мен «Қамқор» жөндеу корпорациясы БК «КазЭлектроПривод» ЖШС-ны құру туралы келісімге қол қойды.

2014


Алматы қаласында зауыт пен құрастыру учаскесінің ресми ашылуы.
Өндірістің іске қосылуы.
КЭП-да құрастырылған Р80 типті алғашқы бағыттамалық жетектер жеткізілді.

2015


Механикалық өңдеу учаскесінің ашылуы.
Толық циклді өндіріс жолға қойылды.
Толығымен КЭП-да өндірілген Р80 бағыттамалық электр жетектерінің алғашқы жеткізілімі жүзеге асырылды.

2017


ҚТЖ-ның жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде «Қамқор» ЖК-ге тиесілі КЭП үлесін «SOP Trade» ЖШС-ның пайдасына сату.
Alstom мен «SOP Trade» ЖШС КЭП активтерін тең үлестерде басқарады.

2018


Компанияның барлық функцияларына оңтайландыруды енгізу.
Имиджді орнықтыру және беделді нығайту.

Құрылтайшылар

alstom

Орнықты дамуды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, Alstom компаниясы теміржол көлігіне арналған жүйелердің, жабдықтар мен көрсетілетін қызметтердің кең ауқымын әзірлейді және нарыққа алға жылжытады. Alstom компаниясы шешімдердің (жоғары жылдамдықты пойыздардан бастап метро, трамвайлар мен электр автобустарына дейін жылжымалы құрам), жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға арналған шешімдердің, жеке көрсетілетін қызметтердің (қызмет көрсету, жаңғырту) кең спектрін, инфрақұрылымды, СОБ жүйелерін және цифрлық мобильділік технологияларын ұсынады. Alstom бірыңғай көлік жүйелері саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. 2018-2019 қаржы жылы компания 8,1 млрд. еуро сомасына сатуларды тіркеп, 12,1 млрд. еуро сомасына тапсырыстар орналастырған. Alstom компаниясының орталық кеңсесі Францияда орналасқан, компанияның 60-там астам елде өкілдіктері мен 36,300 қызметкері бар.

sop

Компанияның қызметінің негізгі бағыттары:
• Өндірістік объектілер үшін теңіз техникасын бункерлеу
• Мыналарды жеткізу және жабдықтау:
Теңіз техникасын жиынтықтауға және оның жұмыс істеуіне арналған материалдар;
Құрылыс базаларына әртүрлі типті дәнекерлеу материалдары мен ESAB маркалы дәнекерлеу жабдығы;
Қажақ ұнтағы мен анар құмы;
Сан алуан тауар түрлерімен материалдық-техникалық жабдықтау;
• Маңғышлақ станциясының теміржол тұйығында теміржол жүктерін кері кредиттеу және өңдеу.
• Құрылыс.
• ЖЖМ-ды сақтау және оның логистикасы.
• Қаптамалау.