Бағыттамалық электр жетегі

Alstom компаниясы Р80 бағыттамалық электр жетегін қозғалыс қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әзірледі. Р80 мерзімді техникалық қызмет көрсетуді көп талап етпейді, магистральдық жолдармен, жүк желілерімен және метро желілерімен үйлеседі.
Жүктеу PDF – қаз. P80

Механикалық өңдеу

КЭП механикалық өңдеудің мынадай түрлері бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынады:
• Жону
• Фрезерлеу
• Кеулейжону
• Тiс кесу
• Бұранда кесу
• Металды таспалық-кесу арасында кесу
• Жиілігі жоғары тоқтармен термоөңдеу
• Электрэрозиялық өңдеу

Кәсіпорынның білдек паркі мынадай жабдықтарды қамтиды:
• СББ-сы бар 3 фрезерлік өңдеу орталығы
• СББ-сы бар 2 жонғыш өңдеу орталығы
• 2 әмбебап металл кесетін білдек (фрезерлік және жонғыш)
• 1 электрэрозиялық білдек
• 1 таспалық-кесу арасы
• индукциялық шыңдауға арналған 1 екі координаттық қондырғы

Күрделілігі кез келген бұйымдар мен тораптарды құрастыру

Тораптық құрастыру учаскесін, құрастыру желісін, сынақтар өткізу учаскесін (механикалық және электр сынау стендтерінде) және орау учаскесін қамтитын құрастыру учаскесінің мамандары күрделілігі кез келген бұйымдар мен тораптарды құрастыра алады.

Металдар мен қатты пластмассалардың бетіне таңба түсіру

Соқпалы-нүктелі таңбалауға арналған ротациялық типті PEQD-025 таңбалау машинасы әртүрлі металл / бейметалл биркалар мен бөлшектерге айқын таңбалау белгілерін үздіксіз түсіруге мүмкіндік береді. Таңбалау белгісінің мазмұнын оңай редакциялауға болады. Онда кез келген әріптер, кескіндер, атаулар, логотиптер бейнеленуі мүмкін. Біз тот баспайтын болатты, қалың табақты төмен көміртекті болатты, темірді, алюминийді, мысты, жезді және т.б. қоса алғанда, металдар мен қатты пластмассалардың барлық түрлерінің кез келген беттеріне таңбаны түсіруді жүзеге асырамыз.

Бөлшектерді индукциялық термоөңдеу

Үлестік қуаты жоғары және уақыт жағынан тез қызатын басқару блогы бар индукциялық шыңдауға арналған екі координаттық қондырғыда жоғары қарқынды шыңдау болаттардың талап етілетін маркаларын сумен салқындатусыз шыңдауды орындауға мүмкіндік береді. 66 кГц жиілігінде осындай шыңдау тәсілі кезінде шыңдалған қабаттың талап етілетін тереңдігі қамтамасыз етіледі, беттің үстінде созушы кернеулер туындамайды, сызаттардың пайда болу ықтималдығы азаяды, төмен температуралық жұмсарту талап етілмейді.

Бөлшектерді 3d машинада өлшеу

GLOBAL Advantage – ең жоғары дәлдікті, динамикалық сипаттамалар мен өнімділікті қамтамасыз ететін координаттық-өлшеу машинасы. Осы КӨМ өнімділігі терең жаңғырту, оның ішінде, орын ауыстырулардың оңтайландырылған алгоритмдерін, анағұрлым жетілген бағдарламалық қамтылымды пайдалану және жаңа электрондық бақылағышты қолдану арқылы қамтамасыз етілген болатын.

Қасиеттері мен артықшылықтары:
Жоғары дәрежелі дәлдік және асқан динамикалық сипаттамалар;
• Сканерлеу кезіндегі ең жоғары өнімділік;
• Мультизондтық технология әр нүкте бойынша өлшемдерден бастап жауапты түйіспелік және түйіспесіз сканерлеу өлшемдерінің көптеген түрлеріне дейін қосымшалардың кең саналуандығын қолдауды қамтамасыз етеді;
• GLOBAL Advantage модельді барлық машиналарда CLIMA маркалы температуралық өтемнің стандартты жүйесін қолдану 16 °C-ден 26 °C-ге дейін температуралардың ауқымында да өлшемдердің жоғары дәлдігіне кепілдік береді.