Машина жасау
кәсіпорны

Машина жасау
кәсіпорны

Машина жасау
кәсіпорны

Компания туралы

БК «КазЭлектроПривод»

Компанияның негізгі қызметі Alstom компаниясының лицензиясы мен технологиясы бойынша Р80 бағыттамалық электр жетектерін өндіру және құрастыру болып табылады.

БК «КЭП» 2013 жылы құрылды және «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ үшін 10,000 бағыттамалық электр жетегін жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойды. Қазіргі таңда КЭП активтерін Alstom компаниясы мен «SOP Trade» ЖШС теңдей басқарады. 2,870 шаршы метрді алып жатқан кәсіпорында ҚТЖ үшін Р80 бағыттамалық электр жетектерін жеткізуді қамтамасыз ете отырып, 60-ден адам еңбек етеді. Қазірдің өзінде 3,570 бағыттамалық электр жетегі коммерциялық пайдалануға берілген, олар өзінің сенімділігі мен қазақстандық темір жолдардың инфрақұрылымына толық сәйкес келетінін дәлелдеді.

 

Компанияның миссиясы


«Тұтынушыларды Қазақстанда шығарылған, жоғары кәсіби және этикалық стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық әрі сапалы өніммен сенімді, тиімді әрі теңдестірілген түрде қамтамасыз ету».

Құрылтайшылар:

alston

sop

3 570 бағыттамалық электр жетегі Қазақстанда орнатылған

60-ден астам жұмыскер кәсіпорында жұмыс істейді

20 жыл – бағыттамалық электр жетегін пайдалану мерзімі